Қазақстан
әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтілмек. Лаңкестік қатерден қорғану үшін
жолаушылар терминалына кіреберісте тексеру жүргізуді міндеттеу жоспарланып
отыр. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек осылай деді. Министр
мәжілісмендерге әуе кеңістігін пайдалану мен аваиация қызметіне өзгерістер
енгізілетін заң жобасын ұсынды. Саламат Омаш тарқатады.
Саламат
Омаш, тілші:
Министрдің
сөзінше, авиацияны дамыту мақсатында шағын авиация мен пилотсыз ұшу құралдарын
басқаруды мемлекеттен алып, өзі реттелген қоғамдық бірлестіктерге беру керек.
Коммерциялық емес ұйымдар ИКАО сертификаттауынан өтіп тұратын болады, сондықтан
еш қауіп болмауы тиіс, деді Жеңіс Қасымбек. Алайда депутаттар сауалына тұшымды
жауап бермеген министрге Мәжіліс төрағасы аспанда тәртіпсіздік жасамауды
тапсырды.
Нұрлан
Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
ГАИ
сейчас передать не коммерческим организациям, чтобы бардак на дорогах не
устроить. А вы в небе чтобы не устроили.
Вы готовы, что эти не коммерческие организации будут четко регулировать, как
это делает государство? -Нурлан Зайруллаевич, мы обязаны...-Правильно, вы
готовы? -Готовы.
Сондай-ақ,
министр мырзаның сөзінше, азаматтық авиация комитетінің құзыретін кеңейту
қарастырылып отыр. Бұл тәуекелдер жоғарылаған кезде қызметтік эксперименттер
жүргізу мен әуежайлық қызметтер персоналын аттестациялауда жүзеге аспақ.
Мәжілісмендер құжатты бірінші оқылымда мақұлдады. Бірақ, депутат Шаймардан
Нұрымовтың «кедендік, санитариялық бақылаудағы қандай шаралар бағдарламаға
енгізіледі және бұл шаралар жолаушылар қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?» деген
сұрақты министр Жеңіс Қасымбек комитет төрағасына бұрған. Алайда...
Жеңіс
Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:
Нұрлан
Зайрұллаұлы, рұқсат берсеңіз, бұл сұраққа комитеттің төрағасы бар. Сол кісі..
-Жақсы, осында ғой иә комитет төрағасы. Кім ол? -Сейдахметов болуы тиіс еді...
Кешірім сұраймын онда. Сұрағыңызды қайталауға бола ма?
Сұрақ
қайта қойылды. Десе де азаматтық авиация комитетінің басшысы табылмады. Министр
біраз ойланғанымен, сұраққа жауап таппады.
Мәжілістің
жалпы отырысында белгілі болғандай, келесі жылы Қазақстанда авиация
қауіпсіздігі төңірегінде аудит жүреді. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы бұл
жолы жердегі, яғни әуежайларды және авиация қауіпсіздігін тексермек. 2009 жылы
ИКАО ұшу қауіпсіздігін тексергенде «қара тізімге» ілініп, жеті жылда бір-ақ
құтылғанбыз. Бұл жолы біздің авиация Еуропалық стандарттарға сай ма, оны келер
жылы білетін боламыз.
Саламат ОМАШ