Әпкелі-сіңілі Фариза және Дина Төреәлі жүкті кезінде түскен суреттерін жариялап, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Динаның бала күннен бері маған айтатын бір арманы бар еді. "Екеуміз бірдей бір уақытта бала сүйсек екен" дейтін. Алла қалап ниетіне нәсіп етті, соны еске түсіріп таң қалудамыз. Анамыз сияқты батыр ана, дана әйел болуды нәсіп етсін! Ата-ананың қадірін расында өзің ата-ана болғанда түсінетінің рас екен.. олар үшін көп жақсылық жасайық, көп дұға етейік. Ананың балаға жасаған дұғасы қабыл демекші, анамның шын тілегі қабыл болды. Аллахым барша ұрпақ тілеп жүрген жандарға айтарым, үміттеріңізді үзбеңіздер! Алланың мейірімі шексіз. Ана болу бақытын, әрбір қызға тіледік, – деп жазды блогер Фариза Төреәлі.
Желі қолданушылары қайсысы ұл, қайсысы қыз туатынын талқылап, пікір білдірді.
"Осы Фаридың аяғы ауыр болғаны өтірік", "Фариза қыз, Дина ұл туады", "Адам бала күнінде сондайды армандай ма?", "Суретте екеуінің іші бірдей", - деп жазып жатыр оқырмандар.