Елімізде 4 миллион 300 мың адам әлеуметтік көмек алады. Оның 2 миллионнан астамы – зейнеткер, тағы 2 миллионы – жәрдемақы иесі. Оған биыл бюджеттен 4 триллион теңге бөлінген. Әлеуметтік салады бұдан өзге де жаңалық көп. Жалақы өсті, жұмыссыздар саны азайды. Бұған қалай қол жеткіздік? Аружан Задабек тарқатады.
Биыл Мемлекет басшысы Әлеуметтік кодексті іске асыруды тапсырды. Нәтижесінде жәрдемақы көлемі 14 процентке артты. «Алтын алқа», «Батыр ана» атағы бар көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері 25 мың теңгеге жетті.
113 мың отбасы мен 595 мың адамға 52,4 млрд теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілді. Ал 186 мың баланың әрқайсысына 1,5 АЕК мөлшерінде 6,7 млрд қосымша төлем тағайындалды.
Елімізде 2 миллион 300 мың зейнеткер бар. Биыл оларға республикалық бюджеттен 3 трлн 33,7 млрд теңге бөлінген. Қазір төлемнің орташа мөлшері – 120 838 теңге. Ал ынтымақты зейнетақы– 82 950, базалық – 37 888 теңге болып бекітілген.
Светлана ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:
Еңбек қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерің мөлшері 14,5% көбейді. Отбасылық цифрлық картасының енгізудің арқасында осы жылдың 1-қаңтарынан бастап 795 мыңнан астам адм мемлекттік қызметтерді проктивті көрсету үшін СМС алды.
Тағы бір жағымды жаңалық. Жұмыссыздық деңгейі 4,7% төмендеді. Қазір ресми түрде 261 мың адамның қызметі жоқ. Ал биыл жұмысқа орналасқандардың саны 908 мыңға жетті.
Мемлекет басшысы бұған дейін жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау керегін айтқан. Сол үшін 2,5%-дық жеңілдетілген микрокредит беруді тапсырды. Биыл Президенттің бұл пәрмені де іске асты. 5,5 мыңға жуық жоба мақұлданып, олардың 5 мыңына қаржы берілді.