Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Әлем елдері Рождество мерекесіне қызу дайындалуда

21.12.2023ж. 20:00
358
Әлем елдері Рождество мерекесіне қызу дайындалуда

Әлем жұртшылығы Рождество мерекесін қызу дайындалуда. Католиктер оны 25 желтоқсанда атап өтеді. Әр ел әртүрлі тойлайды. Ауа райы да бір-біріне ұқсамайды.

Желтоқсан айы мерекелік даталарға толы. Дегенмен әлем жұртшылығы үшін Рождествоның орны бөлек. Францияда Аяз ата эйфель мұнарасына тоқтап, мерекелік базарлық жасады.

АЯЗ АТА:

Қазір эльфтер менің шанамды тазалап жатыр. Олар сыйлықтар дайындайды, ең бастысы, олар менің бұғыларымды тамақтандырады. Әйтпесе мен саяхаттай алмаймын. Мен әлемнің барлық балаларын Рождество мерекесімен құттықтаймын.

Туристер Аяз Атаны жәрмеңкеде, 60 метр биіктікте кездестіреміз деп күткен жоқ. Бірақ балалар тосын сыйға таң қалды.

Изора:

Эйфель мұнарасында Аяз Атаны көру әйелдер мен балалар үшін тосын сый болды. Әдетте мұндай көрініс болмайтын.

Матильда ЖИРИ:

Өте керемет. Рождестволық көңіл-күй бәріне әсер ете бастады және бұл ғажап.

Бетим ЛИМАНИ:

Сіз жай ғана Рождество рухын сезінесіз: бәрі бақытты, барлығының көңіл-күйі жақсы, барлығы өмірден ләззат алады. Сіз шынымен де жергілікті атмосфераны сезінесіз, білесіз бе, бұл өте керемет.

Аяз ата Венеция жұртында таң қалдырды. Онда қаланың негізгі көшелері қызыл түске боялды. Көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлап, көшелерді аралады.

Рождество мерекесіне Иерусалимдіктерде қызу дайындалуда. Онда тұрғындарға тіпті тегін шыршалар таратылды.

Дауд КАССАБРИ, ДІНИ ҚЫЗМЕТКЕР:

Мен барлығына тыныштық тілеймін және Біз құдайдан бізге тыныштық әкелуін сұраймыз, өйткені осы қиын кезеңдерде бізге қажет. Барлығына Рождество мен жаңа жыл құтты болсын.

Перу полициясы балаларға жол ережелері түсіндіру үшін мерекелік атмосфераны пайдаланды. Офицерлер түрлі киіпкерлерге еніп, Лиманың орталығында оқу шоуын өткізді. Ата-аналар бұл бастаманы жоғары бағалады.

Сьело ОРТЕГА, ТҰРҒЫН:

Менің ойымша, бұл керемет идея. Көптеген әкімдер мұны істемейді. Полиция үшін балаларға ойын арқылы жол белгілерін үйрету және көшеде қалай аман-есен қалу өте жақсы.

Католиктік Рождествоға дейін бірнеше күн қалды. Көптеген адамдар үшін бұл уақыт армандар мен тілектер тілейтін сәт.