Ресейде коронавирусқа қарсы жаңа вакцина тіркеліп, айналымға шығарылды. Препарат індеттің жаңа штамдарына қарсы иммунитет қалыптастыра алады дейді мамандар.
Қазақстан Телеарнасының ақпаратынша, жаңа вакцина соңғы штамдарға қарсы бірнеше жылға дейін адам ағзасында иммунитет сақтайды. Оны «Спутник-V» екпесін жасап шығарған Гамалея атындағы институт қызметкерлері әзірледі. Өйткені қазіргі қолданыстағы вакциналар ескі штамдарға қарсы бейімделген. Алдағы уақытта елде вакцинациялау жұмыстары қайтадан қолға алынбақ.
Геннадий Онищенко, дәрігер-инфекционист:
Әрине жаппай вакцинациялау талап етілмейді. Бірақ бірінші кезекте балалар иммунитеті төмен адамдар, созылмалы ауруы барлар екпе қабылдауы тиіс.
Соңғы бір аптада коронавирус жұқтырғандардың саны 5 пайызға артып, науқас саны 10 мың адамға жұқтырады. 44 өңірде инфекция өршіген. Сондықтан енді кей өңірлерде қайтадан карантиндік шаралар қолға алынды. Яғни қоғамдық орындарда, адам көп жиналатын шараларда маска тағу міндетті.