Батыс Қазақстан облысының Есірткіге қарсы күрес басқармасы Деркөл ауылында Орал қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады.
Тінту кезінде одан салмағы 20,5 грамм мефедрон мен магнит салынған 20 дана zip-пакет табылды.
Ер адам пакеттерді құбырларға бекіткен, кей жағдайда жерге тастап кеткен. Осылайша, есірткі тұтынушылар металл арқылы керек заттарын таба алатын болған.
«Ұсталған азамат УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ол он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», -делінген хабарламада.