Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Алматы облысында газ жарылып, тағы бір адам қайтыс болды

AstanaTV
22.12.2023ж. 11:38
559
Алматы облысында газ жарылып, тағы бір адам қайтыс болды

Алматы облысы Гүлдала ауылындағы жеке үйлердің бірінде болған газ жарылысынан зардап шеккен тағы бір адам қаза тапты.

«Ауыр жарақат салдарынан кеше 1991 жылы туған науқас ауруханада қайтыс болған еді, ал 2003 жылы туған қыз бүгін түнде есін жимастан жан тапсырды, денесін 3-4 дәрежелі күйік шалған», - деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Еске салайық, 17 желтоқсан күні сағат 06:15-те Гүлдала ауылы Байтұрсынов көшесі, 67 және сағат 08:20-да Сүйінбай көшесі, 34 мекенжайындағы жеке тұрғын үйлерде газ-ауа қоспасының өршуінен газ жарылған еді. Жарылыс салдарынан 4 адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылған болатын.

Зардап шеккен екі адам Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына өте ауыр жағдайда жеткізілді. Олардың бірі кеше қайтыс болды.

Жарылыстың алдын ала себебі табиғи газ құбырындағы қысымның жоғарылауынан деген болжам бар.