Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Түркістан облысында 10 жасар бала інісін ажалдан аман алып қалды

Түркістан облысында 10 жасар бала інісін ажалдан аман алып қалды

Қазығұрт ауданының жас тұрғыны Нұрали Өскенбай әжетхана шұңқырынан 1 жасар інісін шығарып алды. Аулада ойнап жүрген сәби абайсызда әжетхана ойығына түсіп кеткен. Болған жағдайды дер кезінде байқаған анасы Айзада Сарман 10 жасар ұлы Нұралиді көмекке шақырыпты. Ол беліне арқан жіп байлап, анасының демеуімен кішкентай бауырын тереңдіктен шығарып үлгерді. Оқыс жағдай Жаңабазар ауылдық округіне қарасты Жылыбұлақ елдімекенінде болды. Батыр баланың ерлігі елеусіз қалған жоқ. Үлгі болар ісі үшін 4 -сынып оқушысы Нұрали Құдыретұлын Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Төлешев Асқар Дәулетбайұлы арнайы Алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпат табыстады.