Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Ақтөбенің Хромтау ауданында газ баллондары тиелген фура өртенді

22.12.2023ж. 20:00
856
Ақтөбенің Хромтау ауданында газ баллондары тиелген фура өртенді

Ақтөбенің Хромтау ауданында жүк көлігі өртке оранды. Жүргізуші тіркемені ажыратып үлгеріп, аман қалған. Алматыдан Ақтөбеге бет алған «Ивека» маркалі жүк көлігі Хромтау ауданы маңында кемпингке аялдаған. Сол жерде шағын тұрмыстық газ баллондары тиелген тіркемеден өрт шығып, тұтастай жанып кетті.

Нұрхат ҚАЛДЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Кеңдала кемпингі аумағында «Ивека» маркалі жүк авто көлігінің тіркемесіндегі шағын газ баллондары өртенгені анықталды. Өрт 16.19 толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі мен шығыны анықталуда.