$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елімізде жаңа тауарлар өндірісі дамып келеді

AstanaTV
22.12.2023ж. 20:00
649
Елімізде жаңа тауарлар өндірісі дамып келеді

Биыл еліміз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған және халықтың өмірін жақсартуға бағытталған жаңа экономикалық модельге көшуді бастады. Ол үшін мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыруға баса маңыз берілген құрылымдық экономикалық реформалар белгіленді. Экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды міндетке айналды. Металды терең өңдеу, мұнай-газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автобөлшектер және тыңайтқыштар шығару сияқты бағыттарға айрықша назар аударылып отыр.

Биыл елімізде өндеу өнеркәсібінде жалпы құны 488 млрд теңге болатын 126 жаңа жоба іске қосылды. 8,9 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды. КСМ Соның ішінде Қостанай облысында әлемдік өндірушілер өнеркәсіптік кооперация аясында бірқатар жоба жүзеге асырылды. 10 мың дана «Jetour» автокөліктерінің сериялық өндірісі, сондай-ақ 15 мың дана «Skoda» автобильдерінің өндірісі іске қосылды. Аймақта қуаттылығы жылына 70 автобильді құрайтын жаңа «Кiа» зауытының құрылысы басталды. Ал Қарағандыда «Silk Road Electronics» зауытында отандық тұрмыстық техника өндірісі ашылды. Зауыт 2025 жылға дейін 1,1 млн дана өнім шығарады.

Қанат ШАРЛАПАЕВ, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ:

Утверждена актуализированная концепция развития .... Мемлекеттік ынталандырудың қаржылық және қаржылық емес шараларын қамтамасыз ету механизмдері қосылған Өндеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Жобалардың жалпы құны жеңілдетілген несиелеуді қосқанда 620 млрд теңгені құрап отыр. Шикізатпен қамтамасыз ету жұмысы бойынша 25 үш жақты келісім, 35 келісімшарт және он шартқа қол қойылды.

Ақтөбе облысының өзіне биыл 931 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған. 700 жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Нұртуған ОРАЛБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ИНДУСТРИЯ- ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қой жүнін қайта өңдіру сонымен қатар осы материалдан жылу сақтайтын материалдар салынатын зауыты, 800 метрлік рельстер шығаратын зауыты сонымен қатар жел электр сансаларымызда іске қосылады.

Өңірдегі инвестициялық жобалардың бірі «Қазақстан мұнай жабдығы зауыты» 2017 жылы ашылған. Кәсіпорын екі жүзге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазір үш бірдей цехта мұнай кен орындарына қажетті құбырлар, бұрғылау құрылғылары мен фонтанды арматуралар шығарумен айналысады. 7,5 млн доллар инвестиция тартылған. Болашақта тағы бір цехты жұмысқа қосу жаспарда бар.

Данияр ЛЕКЕРОВ, «ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ ЖАБДЫҒЫ ЗАУЫТЫ» ЖШС САТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Зауыттың күші труба жағынан бізде 50 мың тоннаға дейін жете алады. Модульдық блок жабдығы елу комплект шығара аламыз. Үшінші фонтанный арматура буровой установка120 астам жылына, буровой установка 10 комплект толтыруға болады.

2024 жылы өңірге 1,3 трлн теңге инвестиция тарту жоспары бар. Соның негізінде тағы бірнеше жоба жүзеге асырылмақ. Қазақстанның жаңа өнеркәсіптік саясаты өнімділігі жоғары, экспортқа бағытталған экономиканы құруға және шикізат өндеуші өнеркәсіпке көшуге бағытталған.