Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Елорда мен еліміздің 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды

AstanaTV
22.12.2023ж. 23:00
612
Елорда мен еліміздің 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды

Синоптиктер Астана мен Қазақстанның 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жасады. 

 Астанада, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында тұман түседі.

Ақтөбе облысында көктайғақ, ал Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында – тұман және көктайғақ болады.

Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болуы ықтимал.