Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Павлодарда ойыншықтан қолын шығара алмаған балаға құтқарушылар көмекке келді

AstanaTV
23.12.2023ж. 14:31
539
Павлодарда ойыншықтан қолын шығара алмаған балаға құтқарушылар көмекке келді

Павлодарда ойыншықтан қолын шығара алмаған бүлдіршінге құтқарушылар көмекке келді. Шақыртуға бес маман келген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, төрт жасар баланың қолы пластикалық ойыншыққа қыстырылып қалған. Ата-анасы өздігінен ұлының қолын ойыншықты шығара алмаған соң жедел құтқару жасағының мамандарынан көмек сұраған. Оқиға орнынан келген мамандар ойыншықтың жиегін мұқият бөліп, баланың қолын ойыншықтан босатқан. Бүлдіршінге медициналық көмек қажет болмаған.