$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Тобыл өңіріндегі кәсіпорында бастауыш партия ұйымының қатары толықты

AstanaTV
15.12.2016ж. 20:00
1901
Тобыл өңіріндегі кәсіпорында бастауыш партия ұйымының қатары толықты

Қостанайда «Нұр Отан» партиясының «Агромашхолдинг» акционерлік қоғамы бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылған игі шараға облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары мен кәсіпорын басшылары және қызметкерлер қатысты.

Алқалы жиын аясында 9 адам қатарға қабылданып, салтанатты түрде билеттер табысталды. Сонымен қатар  партия ісінің ілгері басуына айрықша атсалысқан жандар алғыс хаттармен марапатталды. Бұдан кейін жиынға қатысушылар партия доктринасының жүзеге асу барысын талқыға салып, бастауыш ұйымның бір жыл ішінде  атқарған істерін қорытындылады.

Станислав О-Юн-Бем, «Агромашхолдинг» АҚ  бастауыш партия ұйымы  жастар қанатының  көшбасшысы:

Біздің қатарға қабылданған әрбір адам партия ісіне сүбелі үлес қосады деп білемін. Олар үнемі өздерінің тың ойларын ұсынып отырады. Бүгінгі тоғыз адам да сол  белсенділердің тобына кірмек. Өйткені олар партия мүшелігіне өтуге өздері тілек білдіріп, біздің қоғамның, еліміздің кемелді келешегіне атүсті қарамайтындығын  танытып отыр.

Өндіріс ошағында бастауыш партия ұйымы осыдан 3 жыл бұрын құрылған. Оның қатарында қырыққа жуық  қызметкер бар. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай кәсіпорында жеке кабинет ашылды. Ол алдағы уақытта  ұйымның белсенділері үшін киелі орынға айналмақ. Дәл осында партиялықтар қоғамдық-саяси оқиғаларды талқылауға салып, партиялық жобаларды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысатын болады, - дейді партия өкілдері.

Сергей Могилатов, «Агромашхолдинг» АҚ  бастауыш партия ұйымының төрағасы:

Біздің кәсіпорындағы бастауыш партия ұйымының орны ерекше. Өйткені осы ұйым арқылы тіпті «Нұр Отан» партиясы тарапынан қызметкерлердің, зауыттың мәселелері көтеріліп, үлкен жиындарда, алқалы кеңестерде талқыға түсіп жатады. Ал бүгінгі ашылған кабинет жұмысшылармен, яғни бұқарамен байланыс орнататын орталыққа айналады деп ойлаймын.