Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы бесеуі зардап шекті, деп хабарлайды Bugin.kz.
Оқиға 23 желтоқсанда кешке "Алматы – Қостанай – Екатеринбург" тас жолында болған. Станционный ауылы маңында SsangYong Musso көлігінің 72 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол бойында тоқтап тұрған тіркемесі бар "КАМАЗ" көлігіне соқтығысқан.
КАМАЗ-бен соқтығысқан SsangYong кері айналып кеткенде оны бар жылдамдығымен Lada Granta келіп соғып кеткен. Салдарынан SsangYong жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.