Атырауда тасжолда екі көлік соқтығысып, 35 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, жол апаты 22 желтоқсанда сағат 22:00 шамасында республикалық маңызы бар Астрахань-Ақтөбе тасжолында болған. Жолда Toyota Avalon мен ВАЗ-2114 соқтығысқан. Оқиға салдарынан ВАЗ-2114 көлігінің 35 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазір соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.