Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Астанада жуырда желілік мұз айдыны ашылады

AstanaTV
24.12.2023ж. 21:33
662
Астанада жуырда желілік мұз айдыны ашылады

Елордалық саябақта қыс мезгілі ресми түрде ашылды. Ашылу құрметіне сахнада эстрада жұлдыздары өнер көрсетті, ал іс-шара қонақтарының арасында сертификаттар мен сыйлықтар ойналды. Жуырда аталмыш саябақта желілік мұз айдыны ашылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Қысқы демалыс орнында естелікті фотосуреттер үшін әртүрлі фотоаймақтар орнатылған. Гирляндтармен безендірілген шыршалар мен қарағайлар саябақта ерекше мерекелік атмосфера орнатып тұр. Сонымен қатар, саябақ қонақтарына арнап түрлі тамақтану орындары мен тегін мұз сырғанақтары ашылды.


Сондай-ақ, сынап бағаналары төмен температураға түскеннен кейін саябақта мұз айдынының соңғы қабаты құйылады. Бұл – елордадағы алғашқы және ең ұзын желілік мұз айдыны. Оның ұзындығы – бір бағытта 290 метр, ал жалпы сырғанау жолының ұзындығы 580 метр болмақ. Өз конькилері бар келушілер үшін мұз айдынына шығу тегін болады.

Саябаққа кіру Тұран даңғылынан (сағат ескерткішінің жанында) қарастырылған.