Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Көкшетауда жүкті әйел көз жұмды

AstanaTV
25.12.2023ж. 09:37
715
Көкшетауда жүкті әйел көз жұмды

Көкшетауда жүктіліктің соңғы мерзімінде болған әйелді дәрігерлер құтқарып қала алмады.

Жергілікті БАҚ жарияланған мәліметке қарағанда, қайтыс болған әйелдің іші ауырып, қызуы көтерілген, сол себепті жедел жәрдем бригадасын бірнеше рет үйіне шақыртқан. Алайда, дәрігерлер науқасты ауруханаға жатқызуға асықпаған. Әйел «Viamedis» ЖШС-де есепте тұрған.

Оның артында екі баласы қалды.

Ақмола облыстық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі жүкті әйелдің қайтыс болғанын растады. Ведомстводан атап өткендей, қазіргі кезде қызметтік тексеріс жүргізілуде.

«Ана өлімі Көкшетау қаласында 23 желтоқсанда сағат 5-те тіркелді. «Өкпе тамырының тромбоэмболиясы, ауыр дәрежедегі ЖРВИ» диагнозы қойылды. Толық мәліметті қызметтік тексерістің және сот-медициналық сараптаманың қорытындысы шыққан соң жариялайтын боламыз», - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз хатшысы Кәмила Әбделманова.