Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ақтөбеде үш күнде 161 адам мұзға тайып, құлап дәрігерге жүгінген

25.12.2023ж. 20:00
466
Ақтөбеде үш күнде 161 адам  мұзға тайып, құлап дәрігерге жүгінген

Ақтөбеде қар аралас жаңбыр жауып, арты көктайғаққа ұласты. Өңірде үш күннің ішінде мұзға тайып жығылып, мертіккен 161 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Оның 20-сы ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер адамның көп болуына орай облыс орталығында тағы бір травмапункт ашу қажеттігін айтып отыр.

Бағлан РАХМЕТОВ, ТРАВМАТОЛОГ-ДӘРІГЕР:

В основном қол, бас, аяқ, тобықтар негізінен травмалар бізге түсіп жатыр. Соның ішінде жиырма адам ауруханаға жатқызылды. Әр түрлі жарақатпен нейрохирургия, травматология бөлімдеріне

Бүгін өңірде ауа райының қолайсыздығы көктайғақ, екпінді жел облыс аумағында дауылды ескерту болуына байланысты бірінші ауысымның оқушылары мектепке барған жоқ. Оқу онлайн форматқа ауыстырылды.

Нұргүл БЕРТІЛЕУОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ауа райына байланысты облыстағы білім беру ұйымдары барлық білім беру ұйымдары таңертеңгілік мезгілде түгел онлайн форматқа ауыстырылды. Дегенмен, түстен ауа-райы қалпына келуіне орй түстен кейін оқитын балалардың барлығын дәстүрлі форматқа ауыстыру туралы шешім қабылданды.