Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Жыл басынан бері 400 қазақстандық елге эвакуацияланған – СІМ

AstanaTV
25.12.2023ж. 22:27
1638
Жыл басынан бері 400 қазақстандық елге эвакуацияланған – СІМ

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жылдың қорытынды брифингінде баяндады.

Ресми өкіл баяндамасын консулдық қызмет бағыты бойынша мәселелерден бастады.

«Біздің жұмысымыздың бұл бағыты аса маңызды, себебі шет елдерде азаматтарымыз бен бизнесіміздің құқықтары мен мүдделерін қорғауға ерекше басымдық береміз. Консулдық-құқықтық көмекке мұқтаж отандастарға тікелей және барынша көмек көрсететін қызметкерлер консулдар екені белгілі. 2023 жылы консулдық мекемелерге азаматтардан 12 мыңнан астам өтініш келіп түсті, оның басым бөлігі – 99,3% қанағаттандырылды», - деді А. Смадияров.

Оның айтуынша, Қазақстан азаматтарының шет елдердегі заңды құқықтары мен мүддесін сақтау мәселесі тұрақты негізде бақылауда.

«Жыл барысында Түркиядағы табиғи апаттар мен Таяу Шығыстағы әскери-саяси қақтығыстың шиеленісуі салдарынан Қазақстанға біздің 400-ден астам азамат отбасы мүшелерімен бірге эвакуацияланды (Түркиядан – 107, Израильден – 166, Газа секторынан – 127)», - деді ҚР СІМ өкілі.