Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Жаңа жылдың алғашқы күндері асқазан аурулары күрт көбейеді",- гастроэнтеролог

26.12.2023ж. 20:00
1471
"Жаңа жылдың алғашқы күндері асқазан аурулары күрт көбейеді",- гастроэнтеролог

Жаңа жылдың алғашқы күндері асқазан аурулары күрт көбейеді. Мерекелік түнде аурухана шұғыл жағдайда түсетін науқастарға лық толатын көрінеді. Сондықтан гастроэнтеролог мамандар тұрғындарға қазірден бастап меркелік дастархан мәзірін дұрыс құруға кеңес береді. Ендеше қандай тағамдардан бас тартқан жөн? Маман пікірін тыңдайық.

Қарағандыда өткен Жаңа жыл түнінде асқазан- ішек жолдары мазалап ауруханаға шұғыл түскендердің саны бірден 20 пайызға артқан. Дәрігерлердің айтуынша, бұл үлкен көрсеткіш. Сондықтан түнгі дастарханды күтіп аш жүрмеуге кеңес береді. Жиі тамақтанып, қуырылған, майлы және консервіленген тағамдар мен ішімдік, газды сусындардан бас тарту қажет, -дейді. Ащы суды ұнататын жандарға оның мөлшерін 200 граммнан асырмауды ұсынады.

Адина ИГЕНБЕКОВА, ГАСТРОЭНТЕРОЛОГ ДӘРІГЕР:

«Жаңа жылдық дастарханда, яғни бұл түнгі уақыт болғандықтан жеңіл тағамдардың болуы кеңес беріледі, яғни ол бізде майлы емес ет тағамдары,балық тағамдары, көкөністерден жасалған майонез қосылмаған салаттар қолдануға кеіңес беріледі.Және тамақтанғаннан кейін бірден ұйықтауға жатпай серуендеп қайтуға кеңес беріледі ».

10 жылдан бері дұрыс тамақтануды дәріптеп жүрген аспаз Николай да жеңіл көкөністер мен жапырақ салаттарын көп қолдануға кеңес береді. Бізге өзі дайындаған Пандора салаты мен түрлі тұздықтарын ұсынды.

Николай ДАДЫКИН, АСПАЗ:

Біздің Орталық Қазақстанда көбінесе дастарханға бесбармақ, мәнті , шуба, ольвье , мимоза салаттарын, тұздалған балықтарды қойғанды ұнатады. Әрине жеңіл салаттарға тапсырыс беретіндер де бар. Әр жыл сайын жаңа, жеңіл көкөніс, жапырақ салаттарын, тұздықтар ұсынамыз. Бірақ барлығы құнарлы тағамдарды ұнатады.

Расында да арнайы сауалнамада халық жаңа жыл дастарханын өзіміздің етсіз елестете алмайтынын айтты. Тіпті дұрыс тамақтанатындардың өзі сорпаға піскен етті диеталық тағам ретінде тұтынады.

Блиц –САУАЛНАМА:

- «Жаңа жылға бешбармақ, қазақтың тағамы. Дәстүрлі тағамы. Әртүрлі салаттар. Дұрыс тамақтанамыз дәрігерлердің нұсқасы бойынша».
- «Жаңа жылда дәстүрлі тағамымыз қандай? Бешбармақ қой. Етіміз, соғымдарымыз, тамағымызды жейміз. Огурцы, помидор свежий салат. Су газсыз».

Мамандардың айтуынша, қайнаған етті жеуге болады. Тек майлы сорпа ішпей, бесбармақтың нанынан әсіресе түнде аз жеген абзал. Сондай- ақ түнгі аспен бірге тамақ қорытуға көмектесетін ферменттер ішуге кеңес береді.