Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Жалған ақпарат таратқандар 10 тәулікке қамалады", - Аида Балаева

AstanaTV
26.12.2023ж. 20:00
439
"Жалған ақпарат таратқандар 10 тәулікке қамалады", - Аида Балаева

Жаңа жылдан бастап әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар 345 мың теңге айыппұл төлейді. Бір жыл ішінде тағы қайталаса, 10 тәулікке қамалады. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты. Ол онлайн-платформа және жарнама туралы заң толық талдаудан өткенін хабарлады. Келер жылдың ақпан айынан бастап қолданысқа енеді, - деді.

Аида БАЛАЕВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ:

Жарнамалық мазмұнды орналастыратын пайдаланушылардың жарнаманы таңбалау қажеттілігіне ерекше мән берілді. Сонымен қатар пайдаланушылар мен инфлюенсерлерге қатысты жалған ақпарат таратқан кезде оларға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Олар: 20-дан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл. Бұл норма қазірдің өзінде жұмыс істей бастады. Қыркүйек айынан бері 150 оқиға тіркелген.