$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Полиция қызметкерлері қазақстандықтарға үндеу жасады

AstanaTV
27.12.2023ж. 10:12
1112
Полиция қызметкерлері қазақстандықтарға үндеу жасады

Қостанай облысының полиция қызметкерлері қазақстандықтарға видео үндеу жолдап, қолайсыз ауа райында жолға шықпауды ескертті, деп жазады Polisia.kz Telgram-каналына.

"Жолда төтенше оқиғаларды болдырмау үшін жол қозғалысының барлық қатысушыларынан, атап айтқанда жүргізушілерден төтенше жағдай хабарламаларын ескеруді, алыс сапарға шықпауды және автокөліктер арасындағы қашықтықты, жылдамдық режимін қатаң сақтауды сұрайды", - делінген полиция департаментінің ресми хабарламасында.

ІІМ ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта республикалық және облыстық маңызы бар 7 автожол көліктің барлық түрлері үшін жабық. Бүгін облыс орталығында 10 автокөліктің қатысуымен жаппай жол-көлік оқиғасы болып, оқиға орнынан ауруханаға 1 адам жеткізілді.