Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Бармысың, бауырым?» бағдарламасы анасын іздеп жүрген қазақ баласына қатысты жазба жариялады

AstanaTV
27.12.2023ж. 13:18
1091
«Бармысың, бауырым?» бағдарламасы анасын іздеп жүрген қазақ баласына қатысты жазба жариялады

Әсел Асқарқызы желідегі парақшасында бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жанның анасы әлі табылмағанын айтты. 

«Бармысың, бауырым?» бағдарламасының редакторы Әсел Асқарқызы желідегі парақшасында бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жанның анасы әлі табылмағанын айтып, жазба жариялады.

«Көптің сауалына бір жауап: Жәнібектің (Мұраттың) анасы әлі табылған жоқ. Тест нәтижесін күтіп отырмыз», - деп жазды ол.

Бұған дейін журналист Қымбат Досжан баланың анасы болуы мүмкін деген үш әйелдің бірі ДНҚ сынамасын тапсырғанын хабарлады.

Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген екен. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр.