Спорт Қазақстан
$460.15 €501.38 ₽5.11
×

«Тағдырдың жазуы» ма? Таяқ жейтін әйелдер тағдыры

AstanaTV
17.12.2016ж. 20:00
3576
«Тағдырдың жазуы» ма? Таяқ жейтін әйелдер тағдыры

Таяқ жеп өскен бала өскесін әйелін де ұрып жатса...Таяқ жейтін әйел көп. Ақтөбеде бір әйел қорғанамын деп күйеуін өлтіріп қойған, соты болды. Сот шешімі – бостандықта қала берсін. «Қасақана істемеген». Үйінен қашып шыққан әйелдер паналайтын орталықтар ашу, оларды моральдық-психологиялық жағынан демеу, заң жағынан көмек беру, агрессор күйеулерін жазалау – керек шаруа. Бірақ... Бірақ тереңге кететін себептерімен күреспей, көз жасын сығып, «қайтем енді, тағдырдың жазуы» деп жүре беретін сормаңдай әйелдер азаймайды... Өмірден орнын таба алмаған, түкке икемі жоқ, қолынан ешнәрсе келмейтіндер ғана емес, отбасын асырап, жеткізіп отырғандардың арасында да әйелін қорлайтындар аз емес... 

Ішіп алса ұратын еді. Балаларды ұйықтап жатқан жерінен тұрғызып,болмайтын әңгімені айтып, ...короче ужас болған.

Бет-жүзін көрсеткісі келмеген Нағима есімді бұл келіншек басынан өткен ауыр күндерді ойласа әлі де өзін қоярға жер таппайды.  

Нағима:

Почти каждый день. Күніге почти. Ішіп, өзінің  жолдастарымен шығады, міндетті түрде ішіп келетін еді. Қолына түскен нәрсені лақтырады,сөйтіп жүрген еді ғой.

Отасқан он жылдың басым бөлігі таяқ жеу, қырқыспен өтті, дейді Нағима. Жұпыны тіршілік,ашқұрсақ күндерін әлі ұмытпаған. Құдай қосқан қосағы жұмыс істеп,асырамақ тұрмақ қара суды үрейсіз ішкен күнім аз болды деп еске алады. 

Нағима:

Жолдастарымен араласып, арақ ішіп сөйтіп жаман жолға түсіп кеткен-ау. Сау болса ол болады онымен тұруға. Ішіп алса болмайды онымен,қорқасың даже жатуға ұйықтауға. Невменяемый болып жүр ішіп алса.

Өзгерер, түзелер деген үміті ақталмапты. Ақыры шыдай алмай  түн ішінде екі ұлын алып қашып шығуға мәжбүр болған. Қазір де қиын, есесіне жүйкеміз тыныш өмір сүріп жатырмыз,- дейді Нағима.

Ал отыз жастағы мына келіншектің  сәтсіз некесіне әлі нүкте қойылмапты. Өзін Ұлмекен деп таныстырған ол жолдасымен айрылысып кеткенімен  бұрынғы күйеуі зәбір көрсетуін тоқтатпапты. Амалсыз полицияға шағым түсіруге мәжбүрмін дейді.Айтуынша күйеуінің іші бала күнінен кекке толған. Ата-анасына деген кек.

Ұлмекен:

Баламды босанған күннен бастап «сен баланы таста да кет» дейтін. «Мені әкем мен шешем тастап кеткен. Мен жалғыз өскем. Таста да кет» дейтін. Мен оған айтатынмын: сенің есің дұрыс па? Қайта сені тастап кетсе сен керісінше «мен бала-шағамды тастамаймын деп өсірмейсің бе» дейтін ем.

Бірақ Ұлмекеннің жолдасы бұл ақылды құлағына да ілмеген. Айтуынша ұрып-соғу, үйден қуу күнделікті дағдысына айналған. Тіпті қайын жұрты әперген баспананы өз атына жаздырып алып қуып шыққанымен қоймай, тұратын пәтерін өртеп кетті деп отыр.

Ұлмекен:

Сен әке- шешеңнен көрген нәрсені маған көрсетпесей, балаларыңа көрсетпесей. Жоқ, сап-сау болып солай істейді. Сөйтіп мен айттым «сенімен тұра алмайм деді. Ажырасам дедім. Ақырғы кезде қатты ұратын болды. Бір күні мен кетпеймін,ажыраспаймын дедім. Қайда барасың екі баламен, мүмкін балаларының қылығы шыққан кезде қоятын шығар. Мүмкін балалары ертең тілі шыққанда «әке не болды десе қоятын шығар ... Кетесің бе, кетпейсің бе?. Кетпеймін! Әке-шешем сонша жақсылық істесе мен қайтадан үйге бармаймын ғой деген ем, қолындағы бөтелкесімен басымнан бір ұрды. Басым жарылып больницаға түстім.

Шымкенттегі «Сана-сезім» құқықтық орталығына жүгінушілер қарасы жыл сайын артып келеді.Үстіміздегі жарты жылда 1775 адам мамандардан көмек сұрап хабарласқан.  811 адамға құқықтық кеңес берілген. Қыз-келіншектердің  сауаты ашылғанымен, пана етер орынның жоқтығынан қиналады.

Раушан Худайшукурова, «Сана-сезім» құқықтық орталығының әлеуметтік қызметкері:

Қазір үкіметтік деңгейде бұл мәселе қаралуда. Сол кезде біздің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдеріміз паналайтын орын болады. Ал қазір зәбір көргенмен барар жері жоқ, әрі балаларымды қалай асыраймын деген уайыммен таяққа шыдап, қорлыққа көніп келеді, көп аналар. Дегенмен біздің мақсатымыз ажырастыру емес.Әр адамның құқығы қорғалуы тиіс. Табыстыруға тырысамыз. Бірақ көп жағдайда айырылысумен бітеді. Өйткені табысқанмен  екінші қайта көмек сұрап келетіндер көп. Өйткені  бір ұрған адам екінші рет тағы қол көтеретінін көріп жүрміз.

Оңтүстік Қазақстан облысында  тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі азаймай тұр. Ерінің соққысына шағым айтып, арызданушылар саны бұрнағы жылдармен  салыстырғанда  едәуір артқан. Ал  денсаулыққа қасақана  зиян келтiрубойынша 3976 іс сотқа жетіпті.

Қарлығаш  Әділбайқызы, Шымкент қ. ІІБ Қаратау жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы:

Ағымдағы  жылдың 11 айында отбасы тұрмыстық қарым қатынастар саласындағы  құқықбұзушылықтар туралы азаматтардың келіп түскен арыз шағымдары 5019-ға артты. Бұл былтырғы жылы 4895, яғни 2,5  пайызға артып тұр.

Қыз-келіншектерге жуан жұдырығын ала жүгіретін ерлер бір оңтүстікте емес. Мәселен, бір ғана Ақтөбе облысының өзінде жылына 4000-дай әйел құқық қорғау органдарына шағымданады екен. Ал өткен аптада жұртты елең еткізген сот болды. 28 жастағы Әйгерім Қауқанова 8 ай бойы қамауда отырды. Күйеуімен төрт жыл отасқан. Сәбилері бар. Туыстарының айтуынша, жолдасы оны үнемі ұрып соғатын болған. Сондай  бір жанжал кезінде оқтаумен сабап, артынша пышақ сілтепті. Дегенмен келіншек қорғанып үлгереді. 

Ахметқали Молдағалиев, судья:

Қауқанова өз өміріне қауіп төнгендіктен күйеуінің пышақ ұстаған қолын ұстап қалып, оны кері қарай итеріп жіберген. Сол сәтте кеудесіне пышақ кірген ері ауыр жарақат салдарынан көп қан кетіп, сол жерде жан тапсырған.

Сөйтіп судья Әйгерім күйеуін қасақана өлтірмеген деп, бас бостандығынан айырмады. Қауқанова сот залынан ақталып шықты. 

Нағима Аймағамбетова, апасы:

Ешқандай кінәсі болған жоқ оның, следовательдің кінәсі бәрі. Қызды бостан бос қинап, сегіз ай бойы, не деген сұмдық? Алла тағала көріп тұр. Бәрінің балалары бар...Аллаға мыңда бір рахмет айтам. Өте қуаныштымыз..

-Мұндай болады деп ойладыңыз ба, сот залынан босатады деп?

-Ойлаған жоқпыз...

Дыбыстық қыстырма:  Саламатсыздар ма? мен Әл-Фараби полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы боламын. Есімім Гүлчехра...

Мамандар көп жағдайда әйелдер қайда барып мұң шағып, кімнен қолдау табарын білмейтінін айтады.

Гүлчехра Моминова, Әл-Фараби полиция бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы: 

Осы акцияның мақсаты зорлық-зомбылықтың алдын алу.

Біздің жәбір көріп жатқан біздің шешелеріміз, өзіміздің әпшелеріміз, сіңлілеріміз. Осындай зорлық-зомбылыққа душар болған кезде қайда звондап, қайтан көмек алуға болатынын айтып өтеміз. Алайда кейін арыз жазуға келген кезде біздің қыз-келіншектеріміз арыз жазады, материалдарды сотқа жолдаймыз деген кезде өздерінің арыздарынан бас тартып кетеді.

Бұл тұрғыда ер азаматтарымыздың өзі не дейді. Негізінен мұндай жиіркенішті әрекеттерді олар  араққа сылқия тойып алып істейді.  Бірақ татып алмайтын, бірақ әйелін сабау әдетіне айналғандар да бар. Теңізде вахталық әдіспен жұмыс істейтін  Альберт сондайлардың бірі. Сондағысы, жұбайының тірлігіне көңілі толмайды екен. Айтуынша, келіншегі дәмді тамақ ішіп, әдемі киініп, қонаққа барғанды ғана жақсы көреді. Ал үйдегі шаруасы ақсап жатыр. Қала берді, баласының сабақ үлгерімінің  нашарлығына да әйелін кінәлайды. 

Альберт:

-Енді шапалақ қой... Шапалаққа көнбейтін болса, оған көнбейтін білмеймін әрі қарай не болатынын... Негізі әйел адамның шайтаны болады. Шайтанын қағып алу керек сияқты. Бір шайтанын қаққаннан кейін ол ығысады. Негізі надандық  ұру... Бірақ ұруға тура келді. Неге, өйткені ол ерінің, өзі таңдаған күйеуіне мойұсынбағаннан кейін одан бәрін күтуге болады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың  себептері "мынау" деп қысқа қайыруға келмейді. Жалпылай жіктеуге де болмайды. Алайда қысқа ғана ғұмырда бұйырғаны қара су болса да қорықпай ішуге, тыныштықта өмір сүруге әрбір адамның қақысы бар.

 Айзада Төребекқызы, Серік Талас Біздің уақыт.