$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Паразиттер" фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған корей актері Ли Сон Гюн көз жұмды

AstanaTV
27.12.2023ж. 18:24
1131
"Паразиттер" фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған корей актері Ли Сон Гюн көз жұмды

Оскар сыйлығын алған "Паразит" фильмінің актері Ли Сон Гюн Сеулдегі саябақта көлік ішінен өлі күйінде табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Өлімнің алдын ала себебі - суицид. 2019 жылы танымал фильмде ауқатты отбасының отағасын сомдаған 48 жастағы актерден полиция есірткіні заңсыз пайдаланды деген айыппен үш рет жауап алған.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, өткен демалыс күндері жауап алу 19 сағатқа созылған. Артынша актер полицейлерге есірткіні қолдануға бар иесі мәжбүрлегенін айтқан. Актердің менеджерінің айтуынша, ол өз-өзіне қол жұмсайтынын жазып хат қалдырған.

Оңтүстік Кореяның есірткіге қарсы заңын бұзғаны үшін актер алты ай түрмеде отыруы, егер ол қайталанса, 14 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.

Режиссер Пон Джун Хоның "Паразит" атты комедиялық триллері 2020 жылы "Оскар" жүлдесін төрт номинация бойынша жеңіп алды: Үздік фильм, Үздік режиссер, Үздік түпнұсқа сценарий және Үздік халықаралық көркем фильм.

1975 жылы туған Ли Оңтүстік Кореяның Беспомощный" және "Всё о моей жене" сияқты фильмдерінде басты рөлдерді сомдаған.