Халықаралық футбол тарихы мен статистикасының федерациясы (IFFHS) 2023 жылдың үздік футболшысына дауыс беру қорытындысын жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz.
"Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холанд 208 ұпаймен көш бастады.
Алғашқы ондық мынадай: 1. Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити") - 208 ұпай; 2. Килиан Мбаппе ("Пари Сен-Жермен") - 105; 3. Лионель Месси ("Пари Сен-Жермен"/"Интер Майами") - 85; 4. Родри ("Манчестер Сити") - 55; 5. Джуд Беллингем ("Боруссия" Дортмунд/"Реал") - 34; 6. Кевин де Брюйне ("Манчестер Сити") - 27; 7. Харри Кейн ("Тоттенхэм"/"Бавария") - 18; 8. Бернарду Силва ("Манчестер Сити") - 9; 9. Винисиус Жуниор ("Реал") - 8; 10. Лаутаро Мартинес ("Интер") - 7.