Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Жайылымдардың айналасына ор қазғандар жауапкершілікке тартылады", - Заң қабылданды

27.12.2023ж. 20:00
389
"Жайылымдардың айналасына ор қазғандар жауапкершілікке тартылады", -  Заң қабылданды

Енді жайылымдардың айналасына ор қазғандар жауапкершілікке тартылады. Жайылымдық жерлер Қазақстанның 184 млн гектар аумағын алып жатыр. Ол -барлық ауыл шаруашылық жерлерінің 84 пайызы. Алайда, жерді тек иемденіп, оны пайдаға асырмайтындар, тіпті, басқаның аяғы баспайтындай етіп айналасын қазып, қоршап алғандар жетерлік. Бүгін мәжіліс тиісті заңды қабылдады. Құжатта жайылымға қажетті ауыл шаруашылығы жануарларының санын жүктеме нормасының 20 пайыздан 50 пайызға дейін ұлғайту арқылы жер пайдаланбау фактілерінің критерийін қатайту қағидаты енгізілді. Бұл ретте Ауыл шаруашылығы министрлігінің есептеуі бойынша жайылымдық жерлердің 20 млн гектарға жуығы қайтарылуы тиіс.

Нұржан ӘШІМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жайылымдарды суландыру және жайылымдарды түбегейлі және олардың беткі қабатын жақсарту бойынша шығындарды субсидиялау арқылы фермелерге мемлекеттік қолдау нормалары көзделген. Сонымен қатар, көпшілік пайдаланатын жайылымдарды қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландыру жергілікті бюджеттерден және басқа да көздерден қарастырылып отыр. Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуды ынталандыру үшін жер конкурстарға кооперативтерге қосымша ұпайлар беру түріндегі артықшылық беру ұсынылады.