Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Абай облысында психикалық дертке шалдыққан 78 адамда жүргізуші куәлігі бар

AstanaTV
28.12.2023ж. 16:15
506
Абай облысында психикалық дертке шалдыққан 78 адамда жүргізуші куәлігі бар

Абай облысының прокуратурасы 2023 жылы жол қозғалысы қауіпсіздігі саласына талдау жүргізді, деп хабарлайды Kazinform.

Көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату негіздерінің бірі медициналық қорытындымен расталған көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіретін жүргізуші денсаулығының нашарлауы болып саналады.

«Мұндай құқықты бұзу уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) талабы бойынша сот шешімі арқылы азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Талдау көрсеткендей, облыста 78 адамның медициналық қарсы көрсеткіштеріне қарамастан, жарамды жүргізуші куәлігі бар», — деп жазды прокуратурадан.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша оның 50-і жүргізуші куәлігінен айырылды, қалғандарымен жұмыстар жүргізілуде.