Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Алматыда отандық «Бишарашки 2» фильмінің тұсаукесері өтті

28.12.2023ж. 20:00
953
Алматыда отандық «Бишарашки 2» фильмінің тұсаукесері өтті

Алматыда отандық «Бишарашки 2» фильмінің тұсаукесері өтті. Бұл-бірнеше сәтті жобаны жарыққа шығарған «Tiger films» продюсерлік компаниясының кезекті туындысы. Шытырман оқиғаға толы фильм бұл жолы жұртты несімен таңқалдырмақ? Келесі сюжеттен көріңіздер.
Бұл- 2022 жылы жарыққа шығып, көрерменнің көңілінен шыққан хикаяның жалғасы. Фильмнің сюжеті бойынша ауқатты кәсіпкер Байтемірдің отбасы қаладан қашуға мәжбүр болады. Бірақ бұл жолы оларға ата-анасына емес, енесінің жатақханасына баруға тура келеді. Шытырман оқиғаға толы комедиялық туындының тәрбиелік мәні де жоқ емес. Басты рөлді 44 жылын киноға арнаған белгілі актер Жан Байжанбаев сомдайды.

Жан БАЙЖАНБАЕВ, АКТЕР:
Менің кейіпкерім жанкешті, кей сәттерде арам әрекеттерге баратын адам. Дегенмен, екінші бөлімде оның отбасыға деген қарым-қатынасы, құндылықтары сәл өзгерген. Мен әрдайым өзім қатысқан кезекті фильмді көрермен назарына ұсынар алдында қатты толқимын. Халықтың көңілінен шығады деген үміттемін.
«Бишарашки 2» фильмінде Әсел Сағатова, Қуандық Шәкіржан, Еркебұлан Тоқтар сынды хас шеберлер ойнайды. Сондай-ақ спорт саңлағы, кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров та өзінің алғашқы үлкен рөлімен халықты қуантпақ.

Жанқош ТҰРАРОВ, КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ:
Бірде бұзық, бірде жұмсақ, бірде қатал деген сияқты жігіттің рөлін ойнаймын. Қалай өмір сүремін, сол рөлімді маған берді десем болады. Ешқандай қиын болған жоқ, өзімнің болмысыммен ойнадым. Бәрі ойдағыдай болды деп ойлаймын. Халық өз бағасын берер енді.
Фильм екі аптаға жуық уақыт түсірілді. Түсірілім алаңы ретінде Алматы қаласындағы жатақханалар таңдалды.

Дархан САРКЕНОВ, РЕЖИССЕР:
Отбасындағы құндылықтар жайында, қиыншылықтарда әрдайым бірге болу деген мағына болды астарында. Халыққа ұнайды деген сенімдемін. Себебі күлкісі өте көп. Әрине, кез-келген фильмде мағына болу керк. Бірақ біз бірінші күлдіруге, халықтың көңіл-күйін көтеруге тырысамыз.
«Бишарашки 2» фильмін қазақстандықтар Kinopark-Kinoplexx үлкен экрандарында көре алады. Түсірілім тобы келесі жылдың басында аталған фильмнің жалғасын шетелде түсіруді жоспарлап отыр.