Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Ақтөбе Жәмилә Құрманситова ыстық металл балқыту цехында 37 жылдан бері жұмыс істеп келеді

28.12.2023ж. 20:00
694
Ақтөбе Жәмилә Құрманситова ыстық металл балқыту цехында 37 жылдан бері жұмыс істеп келеді

Ақтөбелік Жәмилә Құрманситова 37 жылдан бері Ақтөбе Ферроқорытпа зауытының балқыту цехында жұмыс істейді. Елуден асқан әйел ауыр кран жүргізеді. Күн сайын 1800 градус ыстық пештің қасында балқыған металды құтыларға құйып, өте жауапты қызметтің бірін атқарады.

Жәмилә Құрманситова бала күнінде ұстаз болғысы келген. Бірақ зауытта жұмыс істейтін туысының жұмысына бір рет келіп, тағдыры түбегейлі өзгеріпті. Алғашында арнайы оқу оқып, зауытқа тәжірибеден өтуге келген. Сол кезде 18 жастағы қыз осы зауыттағы жұмысты ұнатып, кранға отырған. Содан бері 37 жыл бойы жұмысты абыройлы атқарып келеді.

Жәмилә ҚҰРМАНСИТОВА, АҚТӨБЕ ФЕРРОҚОРЫТПА ЗАУЫТЫ №1 БАЛҚЫТУ ЦЕХЫНЫҢ КРАН МАШИНИСІ:

Менің өзіме ұнайды осы жұмыс. Уже үреніп кеттім. Мен басқа жұмыс жасай алмаймын. 37 жылдан бері істеп келе жатырмын. Қиын болсада біздер үйреніп кеткеннен кейін оңай сияқты көрінеді. Негізі оңай емес ауыр жұмыс. Жан-жағын бәрі ыстық металл от сияқты болып кеттік.

Жәмиләнің негізгі міндеті -20 метрлік биіктіктен пеште балқытылған ыстық металды құтыларға бөліп құю. Жұмыс өте ауыр және жауапкершілікпен қырағылықты талап еді. Бұл цехта 48 кран машинисі болса, соның 80 пайызы-әйел.

Асан АТЫМТАЕВ, АҚТӨБЕ ФЕРРОҚОРЫТПА ЗАУЫТЫ №1 БАЛҚЫТУ ЦЕХЫНЫҢ ТЕХНОЛОГ-ШЕБЕРІ:

Жәмилә Құрманситова енді біздің цехта 86 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Стажы 37 жыл болып қалады. Ең қиындығы осы металл құю. Өйткені металл температурасы 1800 градусқа дейін барады. Мысал қыста қазір шымадымды. Ал жаз кезінде өте қиын.

Жәмилә өзінің өмірлік жарын осы зауытта кездестіріп, тұрмысқа шықты. Жолдасы екеуі екі қыз тәрбиелеп өсірген. Қазір олар да өндіріс орындарында химик болып жұмыс істейді. Биыл Жәмилә ұжымда ең жоғары марапатқа ие болды. Жыл адамы атанды.