Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Астана автобустары жаңажылдық мереке кезінде қалай жүреді

AstanaTV
28.12.2023ж. 21:11
900
Астана автобустары жаңажылдық мереке кезінде қалай жүреді

City Transportation Systems таратқан мәліметке сенсек, Астанада мереке күндері автобус қозғалысының кестесі әдеттегіден өзгеше болады.

Мереке күндеріндегі елорда қоғамдық көлігінің жұмыс кестесі:

30-31 желтоқсан — автобустар демалыс күнінің кестесі бойынша (06:00 — 23:00);

1 қаңтар — таңғы сағат 06:00-ден 10:00-ге дейін автобустардың 50% шығады, 10:00-ден 23:00-ге дейін кесте бойынша толық жүреді;

2 қаңтар — сенбі күнінің кестесі бойынша (06:00 — 23:00);

3-12 қаңтар аралығында қалалық қоғамдық көліктің жұмысы сенбілік кесте бойынша;

3 қаңтардан бастап қала маңы бағдарлары бекітілген кестемен (апта күніне сәйкес) жүреді.

«Сапарларыңызды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз» дейді компаниядан. 

\