$541.18 €636.05 ₽6.52
×

Түркияның Малатья қаласында жер сілкінді

AstanaTV
29.12.2023ж. 01:59
Түркияның Малатья қаласында жер сілкінді

Түркияның шығысындағы Малатья провинциясында магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісі болды. 

Түркияның Апат және төтенше жағдайларды басқару агенттігінің (AFAD) хабарлауынша, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 12:34-те Ешилюрт аймағында тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы 17,3 шақырым тереңдікте болған.