Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Барлық өңірде қоғамдық көлікте жолақысын электронды төлеуге көшу аяқталды

AstanaTV
29.12.2023ж. 11:53
646
Барлық өңірде қоғамдық көлікте жолақысын электронды төлеуге көшу аяқталды

Республиканың барлық өңірінде қоғамдық көлікте жол ақысын электронды түрде төлеуге көшу үрдісі аяқталды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Биыл елімізде Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы өңірлерде қалалық автобустарды жаңартуға жеңілдікті лизинг тетігі іске қосылған болатын. Нәтижесінде автобус парктеріне 2,5 мың көлік, оның ішінде 774 экологиялық таза автобус жеткізілді. Аталған шаралар тозу деңгейін 13 пайызға дейін төмендетті (46% - дан 33% - ға дейін).

Сондай-ақ, жыл ішінде барлық өңірде қалалық автобустар электронды жолақысын төлеуге көшті.

Өз кезегінде автобустарды онлайн режимде толық диспетчерлік сүйемелдеу аялдамаларға автобустардың келуі арасындағы ең көп аралықты 20 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Алдағы уақытта бұл аралықты 15 минутқа дейін азайту міндеті тұр.

Айта кетерлігі, өткен жылдармен салыстырғанда жолаушылар саны 9%-ға артып, 1,5 млрд жолаушыны құрады.