Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Эйр-Астананың» баға белгілеу моделін тексеру бойынша ақпарат жеткіліксіз болды - Сарапшы

AstanaTV
20.12.2016ж. 20:00
3067
«Эйр-Астананың» баға белгілеу моделін тексеру бойынша ақпарат жеткіліксіз болды - Сарапшы

Ішкі әуе тасымалына қатысты  «Эйр-Астананың» баға белгілеуін тексеру бойынша ақпарат жеткіліксіз болды. Бұл туралы монополияға қарсы комитеттің келісім комиссиясы мүшесі Жаннат Ертілесова «Астана» арнасына берген сұхбатында айтты.

Еске салайық, жұмыс тобы қараша айында авиакомпаниялардың ішкі тасымал қызметі құнын оңтайландыруды ұсынған. Алайда, нақты әрі объективті талдау жасауға «коммерциялық құпия» деген желеу кедергі келтірген көрінеді. Сарапшының айтуынша, ішкі әуе тасымалы нарығын түпкілікті сараптау үшін, көбірек уақыт керек. Жаннат Ертілесова дамыған елдерде бұл саланы зерттеу бірнеше айға, тіпті бірнеше жылға созылатынын атап өтті.  Сонымен қатар терең тексеру жүргізу үшін «Эйр-Астана» мен қатар басқа да компаниялар толық мағлұмат беруі тиіс. Өкінішке орай, Қазақстанда мұндай механизм  әзірге жоқ,- дейді сарапшы.

Жаннат Ертілесова, тауар нарығы мен бәсекелестікті дамыту қауымдастығы кеңесінің  төрайымы:

Зерттеу барысында олар динамикалық баға белгілеу моделінің оңтайлы екенін айтады. Онда неге құпия болып отыр? Біз тұтынушы ретінде сол тетіктің қалай жұмыс істейтінін білуіміз керек ғой. Мәселен, дамыған елдердің монополияға қарсы органдары осы тектес шараларды жүргізгенде, нарықтағы субъектілердің барлығы ақпарат ұсынады. Ал бізде керісінше. Әуе компанияларымен қатар темір жол, көлік компаниялары, сұраныс жасалғанда, дереу мәлімет беруі тиіс. Бірақ бұл мәселе заңмен реттелмей отыр. Дамыған елдерде «реттеуші есеп-қисап» деген түсінік бар. Бізге де оны енгізу керек.