Адай жылқысының 6 түрі жаңа ұлттық бренд ретінде тіркелді. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады. Президент асыл тұқымды жылқыны Маңғыстаудың байлығына теңеп, оны әлемге танытуды Үкіметке тапсырған болатын. Мемлекеттік комиссия құрылды. Жылқының генетикалық құрылымын зерттеу жұмыстары жүрді. Нәтижесінде Адай тұқымдас тұлпардың 6 түрі жаңа ұлттық бренд ретінде тіркеліп отыр. Бұл жылқының санын көбейтуге, туризмді дамытуға септігін тигізеді, - дейді министрлік өкілдері.
Айдын АРТЫҚОВА, "ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ИНСТИТУТЫНЫҢ" РМК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бүгінгі күні бюллетеньге жарияланып, Қазақстанда 6 патент беріліп отыр. Патент иеленушілері Адай жылқысының ассоцациясы болып табылады. Оған 10-нан аса жеке меншік шаруашылықтар кіреді. Сонымен қатар Қазақ мал шаруашылығы және жем-шөп өндірісі ғылыми зерттеу институты да осы патент иеленушісі болып табылады.