Президент Қасым-Жомарт Тоқаев санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының жаңа ғимаратымен танысты. Президент Іс басқармасына қарасты мекемеде бактериологиялық, генетикалық, паразитологиялық және радиологиялық зерттеу жүргізіледі. Онда заманауи құралдармен жабдықталған 8 зертхана бар. Орталық жетекшісі Алексей Цой келер жылы зерттеу номенклатурасын 2 мыңнан асыру көзделіп отырғанын жеткізді.Бұдан былай күмән тудырған кез келген зерттеу дәлдік үшін аталмыш сараптама орталығына жолданады. Яғни, орталық референс мәртебесіне ие болады. Президент өз міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқарып жүрген мамандарға алғыс айтты. Әрі медициналық орталықтың денсаулық сақтау саласына қосатын үлесі зор екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
В передовой находитесь. Хорошие оборудование, хорошие специалисты здесь работают. Вместе будем работать. Тек қана жақсылықпен кездесе берейік жаңа жылда.