Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматыда 23 әуе рейсі кестеден кешігіп ұшты

AstanaTV
20.12.2016ж. 20:00
1858
Алматыда 23 әуе рейсі кестеден кешігіп ұшты

Алматыда қою тұманның салдарынан 23 рейс кестеден кешігіп ұшты. Әуежай тіпті қонуы тиіс ұшақтарды да уақытында қабылдай алмаған. Алматы әуежайы халықаралық қатынастар және маркетинг бөлімінің өкілі Еділ Аухадиевтың дерегінше, рейстердің кешігуі 30 минуттан 6-7 сағатқа дейін созылған.

Тұманнан әуе жолын көру мүмкіндігі төмендеп кетті. Сондықтан ұшақтардың көкке көтерілуі мен жерге қонуында қиыншылықтар орын алды. Салдарынан ішкі және сыртқы рейстердің 21-і уақытында ұша алмаған. «Эйр Астана» компаниясының "Алматы-Үржар" бағытындағы екі рейсі де бүгін ұшпайтын болды. Түс ауа аспан ашылып, әуежай қалыпты жұмыс кестесіне көшкен.

Еділ Аухадиев, «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ бөлім басшысының міндетін атқарушы:

23 әуе рейсі уақытынан кешікті. Қазір әуе жолын көру мүмкіндігі қалыпты. Таңертең тұман салдарынан 80 метрге дейін ештеңе көрінбеді. Бұндай жағдайда ұшақтың жерге қону-қонбауын ұшқыш шешеді. Кестеге сай жұмыс істеп жатырмыз.