Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Қозы көрпеш-Баян сұлу" және "Абай жастары" тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады

AstanaTV
30.12.2023ж. 08:38
461
"Қозы көрпеш-Баян сұлу" және "Абай жастары" тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады

Тұрғын үй бағдарламасы Абай облысының Аягөз ауданында іске қосылады. Бұл аудандық әкімдік пен Отбасы банкінің ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) бірлескен жобасы. Бастапқы кезеңде жергілікті әкімдік өз бюджетінен 81 млн теңге көлемінде қаражатын бөледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бағдарлама шарттарына сай 35 жасқа дейінгі қатысушыларылар жылдық 5% (ЖТСМ 5,2%-дан бастап) мөлшерлемесі бойынша қолжетімді заемдарға үміткер бола алады. Бұл ретте алғашқы жарна 10% құрайды. Несиенің ең жоғары сомасы – 9 млн теңге. Тұрғын үйді алғашқы нарықтан сатып алуға болады.

Бағдарламаға денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, БАҚ, әлеуметтік сала қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер қатыса алады.

Бұған қоса, Семей қаласының әкімдігі Отбасы банкімен бірлесіп "Абай жастары" жастар бағдарламасының екінші кезеңін де іске қосады.

Оны қаржыландыруға 300 млн теңге бөлінді. Оның ішінде 200 млн теңгесі Семей қалалық әкімдігінен келіп түсті және 100 млн теңгені Отбасы банкі бөліп отыр. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі әкімдік кезегінде тұрған мәдениет пен спорт, денсаулық сақтау салаларының жас қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатыса алады.

"Абай жастары" бағдарламасы бойынша заем беру шарттары мынадай:

алғашқы жарна - 10%;

сыйақы мөлшерлемесі - 6% (ЖТСМ 6,2%-дан бастап);

қарыздың ең жоғары сомасы - 15 млн теңгеге дейін.

Бағдарламаға қатысушылар тұрғын үйді Семейдің алғашқы немесе екінші нарығындағы тұрғын үйлерден сатып ала алады.

Екі бағдарлама бойынша өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың басында басталады. Абай облысының тұрғындарына құжаттарды қабылдау күні мен уақыты туралы қосымша хабарланады.

Жалпы биылғы жылы "Абай жастары" бағдарламасы бойынша қоныс тойын өңірдің 40-қа жуық тұрғыны атап өтті.

Жыл басынан бері Абай облысында Отбасы банкінің 8 425 клиенті жаңа депозиттер ашты. Өңірдің тағы 1 698 тұрғыны Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің арқасында өз тұрғын үйлеріне қол жеткізді.

""Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ.