Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қытайды қою тұман басты

AstanaTV
30.12.2023ж. 09:42
449
Қытайды қою тұман басты

Қытайдың Шанхай қаласын бүгін қою тұман басты. Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды. 

Айнала анық көрінбейді. Қала билігі осыған байланысты қауіптің сары түсті белгісін жариялады.

Кемелер қозғалысы уақытша тоқтатылып, тас жолдардың кейбір бөліктері, көпірлер жабылған.

Ауа райын бақылаушылар қою тұман бір тәулік бойы сақталуы мүмкін екенін ескертті.

Ал сенбіде қалаға салқын ауа толқыны жетіп, жағдай жақсаруы ықтимал.