Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Маңғыстауда үш адам отшашудан зардап шекті

AstanaTV
02.01.2024ж. 13:35
450
Маңғыстауда үш адам отшашудан зардап шекті

Маңғыстау облысында от шашудан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, оның біреуі — ересек адам, екеуі – бала.

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы жаңа жыл түнінде 1216 шақыртуға қызмет көрсеткен. Дәрігерлер мен фельдшерлердің жұмысы екі есеге артқан. Оның ішінде 7 жол-көлік оқиғасы және 2 пышақ жарақаты болған.От шашудан 3 адам жарақат алған. Оның біреуі - ересек адам, екеуі - кішкентай бала, - делінген баспасөз мәліметінде.