Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Токио әуежайында қонып бара жатқан ұшақ өртенді

AstanaTV
02.01.2024ж. 16:41
544
Токио әуежайында қонып бара жатқан ұшақ өртенді

Токио әуежайында Japan Airlines ұшағы қонған кезде өртеніп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеодан кабинадан жалын шығып жатқанын көруге болады.

Әзірше зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ. Әлеуметтік желідегі кадрларға қарағанда ұшақ жанып кеткен.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына аспанда жағалау күзеті ұшағымен соқтығысу себеп болуы мүмкін.

Japan Airlines ұшағындағы 400-ге жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлады жергілікті БАҚ.