Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Астанадан шығатын барлық жол ашық

AstanaTV
03.01.2024ж. 08:38
446
Астанадан шығатын барлық жол ашық

Астанадан шығатын барлық жол ашылды, деп хабарлайды  Астана телеарнасы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауа райының тұрақталуына байланысты 3 қаңтар түнгі 02:00–ден бастап республикалық маңызы бар «Астана-Ерейментау-Шідерті» тасжолының 16-159 шақырым аралығы, яғни Астана мен Ерейментау арасындағы жол бүкіл автокөлік түрлеріне ашылды.

Осы күні таңғы 06:00 кезінде «Астана- Петропавл» жолының 18-234 шақырым аралығында, Астана мен Щучье арасындағы жолда да көлік қозғалысына рұқсат берілді.