Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматыда анасы таксиде қалдырып кеткен 4 жастағы қыз табылды

AstanaTV
03.01.2024ж. 14:06
691
Алматыда анасы таксиде қалдырып кеткен 4 жастағы қыз табылды

Алматы полиция департаменті Жамбыл ауданынан Алматыға бағыттаған таксиде анасы қалдырып кеткен 4 жастағы қыздың табылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін Қалмақбай Мәрмәр есімді 4 жастағы қызға іздеу салынғаны хабарланған еді.

Алматы қаласының полиция департаменті бүлдіршіннің табылғанын мәлімдеді.

“Бала аман-есен табылды. Ата-анасына тапсырылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда”, – деді ведомство.

Еске салсақ, Жамбыл ауданынан Алматыға беттеген белгісіз ақ көлікте қызын қалдырып кеткен ана кейін іздеу салғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Іздеу жұмыстарына кіріскен еріктілердің мәліметінше, 2024 жылы 2 қаңтар күні сағат 20:00 шамасында 1984 жылы туған Бақытгүл Қалмақбай есімді келіншек Жамбыл ауданы, Үмбетәлі ауылынан Алматыға жолға шығады. Ол жол жөнекей көлік тоқтатқан. Келіншек қалаға жете сала шамамен сағат 20:49-да көлікте ұйықтап жатқан баланы қалдырып, Б.Момышұлы көшесіне жетпей, Райымбек көшесінен түсіп қалған.