Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Швейцария президентінің қоштасу видеосы жұртты күлкіге қарық қалды

AstanaTV
03.01.2024ж. 17:14
498
Швейцария президентінің қоштасу видеосы жұртты күлкіге қарық қалды

Швейцария президенті отставкаға қалай кету керектігін көрсетіп, жұртты күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ерекше роликті лауазымды қызметінен кеткен Швейцария президенті Ален Берсе өзінің Х-тегі парақшасында жариялады.

Ол үшін 2023 жылғы 31 желтоқсан президент ретінде соңғы жұмыс күні болды.

51 жастағы Ален Берсе Швейцария президенті лауазымын тек бір жыл – 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейін атқарды. Себебі Швейцарияда президент тек бір жылға сайланады.