Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Түркияда РФ елшісінің өліміне қатысты ұсталғандар саны 13 адамға жетті

AstanaTV
21.12.2016ж. 20:00
2535
Түркияда РФ елшісінің өліміне қатысты ұсталғандар саны 13 адамға жетті

Түркияда Ресей елшісін өлтіруге қатысы бар деген күдікпен ұсталғандар саны 13 адамға жетті. Рейтерстің хабарлауынша, олардың елде төңкеріс ұйымдастырып, билікті басып алмақ болған Фетхуллах Гюлленмен байланысы болуы мүмкін.

Еске салсақ, Анкарада көрменің ашылуы барысында Ресей елшісі Андрей Карловқа қастандық жасалған еді. Оны өлтірген бұрынғы полиция қызметкері Мевлют Мерт Алтынташ болып шыққан. Түркияның арнайы жасағы артынша лаңкестің көзін жойды. Қос ел басшылары бұл мемелекеттер арасына алауыздық орнатпақ болған теріс пиғылдылардың ісі деп отыр. Себебі қанды оқиға Мәскеуде Сирияға қатысты келіссөздер жүргізу жоспарланған күні жасалды. 

Дәуренбек БАҚДАУЛЕТ