ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілеттігіне қатысты жағдайды түсіндірді. Оның айтуынша, қазіргі президенттің қайта сайлануы туралы болжамдар негізсіз. Бұл туралы Zakon.kz. хабарлайды.
Бүгін бірқатар шетелдік БАҚ Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілеттігі 2026 жылы аяқталатынын хабарлады. Түсініктеме алу үшін мемлекет басшысының кеңесшісі Берік Уәлиге хабарластық.
"Біздің жағдаймен таныс емес жекелеген журналистердің арасында жағдайды түсінбеушілік туындаған шығар. Негізі мемлекет басшысы "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында "2026 жылы референдум дайындау үшін Конституцияны өзгертіп, келесі сайлауға қатысады" деген болжамды жоққа шығарды. Мәлім болғандай, президент 2022 жылдың қарашасында жеті жылдық мерзімге сайланды. Конституцияға сай, оның өкілеттігі 2029 жылдың қарашасында аяқталады", - деді Берік Уәли.