Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ер адам сайт арқылы жоқ билеттерді сатқан

AstanaTV
04.01.2024ж. 10:03
959
Ер адам сайт арқылы жоқ билеттерді сатқан

Ер адам сайт арқылы жоқ билеттерді сатқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство мәліметінше, Алматы қаласының тұрғыны OLX сайтында әуе және пойыз билеттерін сатумен айналысатын қылмыстық кәсіп ұйымдастырған. Ол 2023 жылдың сәуір айынан бері жарнама сайтында билеттерді арзандатылған бағамен сату туралы алаяқтық жасап келген.

Осылайша, елорда тұрғыны Алматы аудандық полиция басқармасына хабарласып, әуе билеттерін сатамын деген желеуге сеніп, белгісіз біреуге 100 мың теңге аударып жібергенін хабарлаған. Ол 10 билет алуды жоспарлаған. Ақша аударымынан соң секем алып, билеттерді күтпестен полицияға хабарласқан.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер вввалаяқтықпен айналысты деген күдікпен Алматы қаласының 41 жастағы тұрғынын құрықтады. Қазіргі уақытта басқа да зардап шеккендердің кім екені анықталып жатыр"- делінген хабарламада.