$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қытайға бағыт алған ұшақ екі тәулік бойы Алматыдан ұша алмай отыр

AstanaTV
21.12.2016ж. 20:00
2582
Қытайға бағыт алған ұшақ екі тәулік бойы Алматыдан ұша алмай отыр

150-ге жуық жолаушы екі тәуліктен бері Алматыдан Үрімшіге жете алмай отыр. Бұған Қытайдағы ауа райының қолайсыздығы себеп. Әуежайдың жедел басқару жөніндегі атқарушы директоры мәлімдегендей, "China Southern Airlines" компаниясына қарасты әуе рейсі 19 желтоқсанда ұшып кетуі тиіс еді. Қалың тұманнан рейс бірнеше мәрте кейінге шегерілген.

Бақытхан Әбдірасылов, «Алматы халықаралық әуежайы» жедел басқару жөніндегі атқарушы директоры:

Бізде 6012 әуе рейсі екінші тәулік кешігіп жатыр. Алматыда ауа райы жақсы. Біздің міндетіміз - тек ұшақты қабылдап, қайта ұшуына жағдай жасау. Ал, рейстерді кейінге шегеру туралы шешімді әуе компаниялары қабылдайды.

Жолаушылар болса әбігерге түсті. Қытай арқылы Тайландқа ұшпақ болған азаматтардың басым бөлігі ішкі рейстерге алған билеттерінен айрылған. "China Southern Airlines" әуе компаниясының өкілдері келтірілген шығынды өтейміз деп отыр.

Амангүл Зұлқажа, "China Southern Airlines" әуе компаниясының өкілі:

Алматыда тұратындар өздері үйлеріне қайтып кетті, задержка болған соң. Ал қалған транзит жолаушыларды басқа қаладан келген 4 жұлдызды қонақ үйге орналастырдық.

Айгүл ЕРМАХАН