Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Павлодар облысында жолаушылар бар автобус шахта маңына құлап кетті

AstanaTV
04.01.2024ж. 11:41
656
Павлодар облысында жолаушылар бар автобус шахта маңына құлап кетті

Павлодар облысында шахта маңында жолаушылар отырған автобус құлап кетті, - деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Қазіргі уақытта "Майқайыңзолото" АҚ кенішінде авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қаңтарда сағат 01.25 шамасында Баянауыл ауданында "Майқайыңзолото" АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кетті. Алдын ала болжам бойынша, құлаған аумақтың ұзындығы – 150-200 м, ені – 500 м, тереңдігі –150 м.

"Апат кезінде автобуста төрт адам болды: республикалық орталық штаб кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері Павлодар филиалының үш құтқарушысы және бір жүргізуші. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ", – делінген хабарламада. 

Жедел штаб ұйымдастырылды. Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың басшылығы бар. Психологтар жұмыс істеп жатыр. 

Авариялық-құтқару жұмыстарына "Майқайыңзолото" АҚ кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері Павлодар филиалының, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ТЖ департаменті құтқарушыларының күштері мен құралдары, барлығы 44 адам, 13 техника және бір дрон жұмылдырылды.