Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елімізде алтын мен күмістің қоры қанша?

AstanaTV
04.01.2024ж. 16:16
587
Елімізде алтын мен күмістің қоры қанша?

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі елімізде алтын мен күмістің қорына қатысты мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Пайдалы қазбалардың мемлекеттік есебінің 2023 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметіне сәйкес алтын қоры — 1,4 мың тонна, күміс қоры — 29,1 мың тонна», деп жауап берді министрлік.

Ведомство мәліметінше, өткен жылдың 9 айында уәкілетті ұйым бағалы металдар мен асыл тастан жасалған зергерлік бұйымдарды өндіретін 199 заңды және жеке тұлғаны тіркеген.

«Оның ішінде елімізде өндірілген алтын мен күмістен зергерлік бұйым жасайтын негізгі кәсіпорындар мыналар: «Қазақювелир» АҚ, «ЮП Жемчужина» ЖШС, «Алматинский ювелирный завод» АҚ, «Aisafi» АҚ, «Diamond Exclusive» АҚ, «Адамант Сервис» АҚ, «Зергер Плюс»ЖШС, «Kazyna Gold Jewelry» ЖШС, «KY Factory» ЖШС, «Senat Gold» ЖШС, «SILVER PRICE» ЖСШ, «ЮФ Тенгри Голд» ЖШС, «ADAMI» ЖК, «Т.Р.З.К.» ЖК және «Кристалл-L» ЖК», деп атап өтті министрліктен.